Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Наньчанда өтіп жатқан «2019 Jiangxi Open» турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда Рыбакина қытайлық Вангты жеңді.

1 сағат 39 минутқа жалғасқан матч 7:6, 6:2 есебімен аяқталды.

Келесі кезеңде Рыбакина швейцариялық Виктория Голубикпен кездеседі.