Инчхонда қазақстандықтар спорттың 39 түрінде бақ сынасады, деп хабарлайды Қазинформ.

Еліміз биыл 19 қыркүйек пен 4 қазан арасында өтетін Азия ойындарына алтыншы рет қатысады. Жалпы сайыста әлемнің 45 елінен 13 мың спортшы күш сынаспақ. Қазақстанның алдына қойған мақсаты - жалпыкомандалық есепте үздік төрттікке кіру.

Естеріңізге сала кетсек, Инчхонда Қазақстанның көк байрағын боксшы Әділбек Ниязымбетов ұстап шығады.