Жапонияның Хиросима қаласында өтіп жатқан Hana-cupid Japan Women's Open турнирінің екініш айналымдағы матчын Зарина Дияс аяқтай алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші жапондық Нао Хибиномен кездесуде бірінші сетте 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Екінші cетте 2:3 есебімен жеңіліп жатқан Зарина денсаулығына байланысты кездесуді тоқтатуға шешім қабылдады.