Ресейлік ММА шебері Хабиб Нурмагомедов UFC рейтингісінде екінші орында қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақтағы АҚШ чемпионы Джон Джонс салмақ санатына қарамастан рейтингтің көшбасшысы болып қала бермек. Үшінші орында Джонстың отандасы Генри Сехудо тұр.

Нурмагомедовтың еншісінде UFC-де 28 жеңс бар. (18 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған). Бірде-бір мәрте қарсыластарына ұтылмаған.

7 қыркүйекте Хабиб Абу-Дабиде өткен UFC 242 турнирінде америкалық Дастин Порьерді үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.