Кеше Қазақстан – Латвия (0:0) ойынынан бөлек А тобындағы басқа командалар күш сынасты: Прагада Чехия голландиялықтарды ұтса, Исландия өз алаңында түріктерге мүмкіндік қалдырмады.

Чехия өз алаңында әлем чемпионатының қола жүлдегерлерін қапы қалдырды. 22-минутта Дочкалдың соққан голына қонақтар екінші таймның басында де Врейдің көмегімен жауап қатты. Десек те, төреші қосқан қосымша уақытта чехиялықтар жеңісті жұлып алды.

Чехия — Нидерланды 2:1Голдар: Дочкал, 22, Пиларж, 90+1 — де Врей, 55

Чехия: Чех, Кадержабек, Кадлец, Прохазка, Лимберски, Крейчи (Пиларж, 65), Дочкал, Росицки, Ваха (Коларж, 81), Дарида, Лафата (Выдра, 72)

Нидерланды: Силлессен, Янмаат, Велтман (Нарсингх, 39), де Врей, Инди, де Йонг, Вейналдум, Блинд, Снейдер, ван Перси, Депай

 

 

Исландия құрамасы болса, өз алаңында Түркияны тас-талқан етті. 18-ші минутта Бедварссон есеп ашты, кейін Сигурдссон мен Сигторссон бір минуттың ішінде тоблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді. Осылайша исландиялықтар қазір тобымыздың көшбасына орналасты.  

Исландия – Түркия 3:0

ГолдарБедварссон, 18, Г. Сигурдссон,76, Сигторссон, 77

Исландия: Хадльдорссон, Р. Сигурдссон, Б. Бьярнасон, Г. Сигурдссон, Арнасон, Гуннарссон, Э. Бьярнасон, Хадльфредссон, Бедварссон, А. Скуласон, Сигторссон

Турция: Онур Кыврак, Гекхан Генюл, Эмер Топрак, Эрсан Гюлюм, Эмре Белезоглу, Сельчук Инан, Арда Туран, Мехмет Топал, Джанер Эркин, Олджан Адын, Бурак Йылма