Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен әлем біріншілігі алдындағы халықаралық оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Кіл мықтылар бүгінде елорда төріндегі «Сарыарқа» велотрегінде дайындықтарын пысықтауда. ҰОК сайты спортшылардың дайындықтары туралы сұраған болатын.

«Әлем біріншілігіне небәрі бес күн қалды. Дайындық жақсы. Жарақаттан аманбыз. Былтыр әлем чемпионаты алдында жарақаттанып, жарыстың бірінші белдесуінде-ақ жеңілген болатынмын. Биыл ерекше дайындықпен келдік. Қазақстанда күреске қызығушылық өте жоғары ғой.

Ертең «Барыс Аренада» жанкүйерлер арасынан еңкейген кәріден бастап, еңбектеген балаға дейін көруге болады деп ойлаймын», дейді Бразилия құрамасының спортшысы Марат Гарипов