Ауыр салмақта жұдырықтасатын Магомедрасул Меджидов Matchroom Boxing компаниясымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әлемнің үш дүркін чемпионы Меджидов 13 қыркүйекте Madison Square Garden алаңында жұдырықтасады. Аталмыш кеште Данияр Елеусінов те өнер көрсетеді.

Әзірбайжандық боксшы қазақстандық боксшылармен бірнеше рет кездескен. 2013 жылғы әлем чемпионатының финалында Иван Дычконы нокаутқа түсірді.

2017 жылы Қамшыбек Қоңқабаевпен кездесіп, оны да жеңген болатын. Әуесқой бокста ол Энтони Джошуаны да ұтты.