Мальдив аралдарының Мале қаласында стритболдан халықаралық Asia Quest Final турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аталған турнирге Қазақстанның ерлер және әйелдер құрама командалары қатысты.

Аталмыш турнирдің жеңімпаздары элиталық 3x3 World Tour Masters Jeddah финалына жолдама алады.

Asia Quest Final жарысында ерлерден Қазақстан командасы сапынан Руслан Айтқали, Андрей Литвиненко, Владимир Курочкин және Аймұрат Саткеев шықты.

Өкінішке орай, «Астана Тайгерс» ерлер командасы топтық кезеңде үшінші орын алып, турнирдің плей-офф сериясына шыға алмады.