Әлемнің жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер Парижде Жорж Помпиду атындағы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

БАҚ мәліметтері бойынша, атақты шабандоз жүрек-қантамыр хирургиясы бөлімшесіне жеткізілген.

Шумахердің денсаулығы тау шаңғысы трассасында құлағаннан кейін сыр бере бастады. 2013 жылы ол тасқа баспен құлап, 3 ай комада жатқан болатын.