EA Sports 10 қыркүйек күні FIFA 20 ойынындағы ең үздік он футболшының тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Жаңартылған нұсқаның рейтингісінде Лионель Месси бірінші орынға шықты. Оның көрсеткіші - 94. Ал екінші орынға Криштиану Роналду (93) жайғасты. Португалиялықтың өткен жылғы көрсеткіші 94 болатын.

Үздік үшінші орын Неймарға бұйырды. Бразилиялықтың жаңа ойындағы деңгейі 92.