Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан жастар құрамасы израильдік құрдастарымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Матч бүгін, 10 қыркүйек күні жергілікті уақыт 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстан жастар құрамасы іріктеу кезеңінде үш матч өткізді. Атап айтқанда, Фарер аралдары (1:3) мен Черногорияны (1:2) сырт алаңда жеңіп, Испаниядан (0:1) өз алаңында жеңіліп қалды. Алғашы үш турдан кейін 6 ұпай жинап, өз тобында көш бастап тұр.

Ал Израиль құрамасы бүгін алғашқы ойынын өткізеді.