Елордалық «Барыс» хоккей клубы үш матч нәтижесі бойынша 8 ұпай қанжығалап, ҚХЛ Шығыс конференциясында көш бастады, деп хабарлайды Шайба.kz.

Естеріңізге сала кетейік, астаналықтар осыған дейін «Салават Юлаев», «Амур» мен «Адмирал» клубтарын жеңген болатын. Келесі кездесуін Подольск қаласының «Витязь» клубына қарсы өткізеді.