Күні кеше UFC чемпиондық белбеуін қорғап қалған Хабиб Нурмагомедов америкалық аралас жекпе-жек шебері Тони Фергюсонмен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

UFC президенті Дана Уайт та Тони Фергюсон жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуге үміткер болатынын айтты.

- Тони Фергюсон дайын болса, жекпе-жекке шығады. Бұған дейін жасалған ұсыныстан бас тартқан еді. Егер ол дайын болса, кезек соныкі, - деді UFC басшысы.