Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Ресейдегі әлем чемпионатына қатысатын жерлестеріне сәттілік тіледі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Екатеринбургте өтетін әлем чемпионатына қазақстандық боксшыларға сәттілік тілеймін. Алға, жігіттер!» деп жазды Головкин Twitter-дегі парақшасына.

Айта кетелік, 9 қыркүйек күні бокстан әлем чемпионаты басталады. Кеше турнирдің жеребе тарту рәсімі өтіп, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.

Ал 5 қазан күні Нью-Йорктағы Madison Square Garden-де Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасында кездесу өтеді.