Бүгін футболдан 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан Ұлттық құрамасы Латвия футболшыларымен кездеседі. 

Францияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы «А» тобына түскен болатын. Бұл топта біздің футболшылар Голландия, Исландия, Латвия, Түркия және Чехия құрамаларымен күш сынасады. Юрий Красножанның шәкірттері алғашқы матчын латвиялық футболшыларға қарсы «Астана-Аренада» өткізеді.

Қос құрама өзара үш рет кездесу өткізген. Оның екеуінде Латвия құрамасы жеңіске жетсе, бір ойын тең аяқталған екен.