Ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов америкалық Дастин Порьеге қарсы жекпе-жекте UFC тарихындағы ең қомақты сыйақыны алды.

Әзірге ресейлік спортшының жекпе-жек үшін 6 миллион доллар алғаны белгілі. Бұдан бөлек кештің үздік перфомансы және медиа іс-шараларға қатысқаны үшін тағы 100 мың доллар табыс тапты. Ал жақын уақытта жекпе-жектен жалпы сомасы қанша табыс түсіретіні анықталады.

Айта кетейік, кештің басты кездесуінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов үшінші раундта Дастин Порьені қылғындыру әдісімен жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғап қалды.