Еуропа чемпионатына іріктеу барсында өтетін Ресей - Қазақстан матчына билеттер түгелдей дерлік сатылып кеткен.

Ресейлік «Чемпионат» порталының мәліметіне сенсек, аталмыш матчқа тек 1000 билет қана қалған. Оның өзі ойынға дейін өз иелерін табады деп жоспарланып отыр.

Қос құраманың кездесуін қабылдайтын «Калининград» стадионы 35016 адамды қабылдай алады.

Ресей - Қазақстан ойыны 9 қыркүйек күні өтеді.