«Ливерпульдің» қорғаушысы Вирджил ван Дейк аталмыш клубпен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ван Дейк «қызылдар» сапында 2025 жылға дейін өнер көрсетеді.

28 жастағы голландиялық ойыншы өткен маусымды сәтті өткізді. «Ливерпульмен» бірге футболшы Чемпиондар лигасында топ жарды.

Футболшы Еуропаның үздік ойыншысы атанып қана қоймай, үздік қорғаушысы атағын да иеленді.