Ресей астанасы Мәскеу қаласныда өтіп жатқан Moscow Cup додасында үш қазақстандық теннисші бақ сынады.

Анна Данилина мен Александра Гринчишина іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті. Данилинаекі сетте украиналық Диана Боголийді ұтса – 6:1, 6:4, Гринчишина ресейлік Полина Назарчуктен басым түсті – 6:2, 6:2.

Ал Камила Керімбаева жарыс жолынан шығып қалды. Алғашқы кездесуде ол колумбиялық Юлиан Лисарасоға жол берді – 4:6, 2:6.