Қайрат Нұрдәулетов пен Андрей Карпович Қазақстан мен Латвия арасындағы кездесуде комментатор болады.

Бұл туралы ҚФФ-ның Twitter желісіндегі мәлім болды: «KazSport арнасының комментаторларымен бірге Қайрат Нұрдәулетов пен Андрей Карпович Қазақстан - Латвия кездесуін жүргізеді әрі сарапшы ретінде қатысады».

Естеріңізге сала кетейік, кездесу 9-шы қыркүйек күні Елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.