Конор Макгрегордің жаттықтырушысы Оуэн Ради подкастта 7 қыркүйек күні жеңіл салмақ дәрежесінде UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен уақытша чемпион Дастин Порье арасындағы жекпе-жекке өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Мықты жекпе-жек болғалы тұр. Біріншісі күресте шыңдалған балуан болса, екіншісінің соққысы мықты. Кездесудің қалай болатынын, нәтижесін болжау өте қиын.

Портье, АТТ командасы және оның жаттықтырушысы Майк Браун жекпе-жек үшін өте жақсы жоспар әзірледі деп ойлаймын. Апсет болуы да мүмкін. Порьенің соққысы қуатты. Соңғы жекпе-жектерде ол өзінің мықты екенін дәлелдеп жүр.

Екінші, үшінші немесе төртінші раундта Порье Хабибті ауыр соққыларын үдете түсіп,қарсыласын құлатады деп ойлаймын. Порье мерзімінен бұрын жеңіске жетеді.