Камерундық шабуылшы Самуэль Это'О кәсіпқой футболдағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Это'О өз мансабында «Реал», «Мальорка», «Барселона», «Интер», «Анжи», «Челси», «Эвертон», «Сампдория», «Антальяспор» және «Коньяспор» клубтарында өнер көрсеткен. 38 жастағы камерундық футболшы мансабын «Катарда» аяқтады.

Это'О Чемпиондар лигасын және Испания чемпионатын үш рет ұтып алған («Барселона» (2006, 2009) және «Интер» (2010)).