Әлемнің үздік футболшыларының бірі Криштиану Роналду неше жаста спорттағы мансабын аяқтағысы келетінін айтты, деп мәлімдейді «Спорт-Экспресс» .

 «Күш-қуатым барда, ойнай беремін деп айтуыма болар еді, алайда өзім шамамен 35-36 жасқа дейін ойнаймын деп жоспарлаудамын. Ал ары қарай көре жатармыз. Ол жасқа жеткенге дейін де пікірім өзгеруі мүмкін», - деді Роналду.

Айта кетейік, мадридтік «Реал» клубының ойыншысы Криштиану Роналду екі дүркін Алтын доптың иегері.