Бокстан Қазақстан командасы әлем чемпионатына қатысу үшін Ресейдің Екатеринбург қаласына ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әлем чемпионаты аясындағы жекпе-жектер 9 қыркүйек күні басталады. Ал 8 қыркүйек күні жеребе тарту рәсімі мен ашылу салтанаты өтеді.

Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі:

52 келі: Сәкен Бибосынов

57 келі: Қайрат Ерәлиев

63 келі: Зәкір Сафиуллин

69 келі: Абылайхан Жүсіпов

75 келі: Тұрсынбай Құлахмет

81 келі: Бекзат Нұрдәулетов

91 келі: Василий Левит

+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев

Айта кетелік, 2017 жылы Гамбургте өткен әлемдік сында Қайрат Ерәлиев чемпион атанса, Әбілхан Аманқұл күміске қол жеткізді.