Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев Ресеймен өтетін ойынға қатыса алмайды, деп жазады Prosports.kz KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

Сүйімбаев бүгін Кипрмен өткен ойынның 87-минутында «сары қағаз» алды. Бұл оның қазіргі ЕURO-2020 турниріндегі екінші ескертуі саналады. Ғафуржан алғашқы «сары қағазын» Шотландиямен өткен ойында алған болатын.

Айта кетелік, Никосиядағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды.