Қытайлық Тайпейді жеңген волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия кубогының топтық кезеңінде бірінші орын алды.

Матч қазақстандықтар үшін сәтті басталмады: олар алғашқы екі партияда жеңіліп қалды – 20:25, 24:26. Алайда кейін Александр Гутор шәкірттері кездесудің тағдырын өзгертіп, қалған екі сетте (25:16, 25:20) ұтты да, тай-брейкте жеңісті жұлып алды (15:10).

Осылайша, Қазақстан құрамасы үш рет жеңіске жетіп, өз тобында топ жарды.

Қазақстан – Қытайлық Тайпей 3:2 (20:25, 24:26, 25:16, 25:20, 15:10)