Ресейлік Зубайра Тухугов этникалық қазақ Дамир Исмағұловқа қарсы неліктен октогонға шығудан бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Ресей мен Қазақстанның атынан шығып жүрген Дамир Исмағұлов сізді жекпе-жекке шақырды. Неліктен ұсынысын қабыл алмадыңыз?

- Ол менімен төбелесіп атын шығаруды көздеді деп ойлаймын. Мен рейтингте өзімнен жоғары тұрған спортшылармен төбелескім келеді. Бұл - қалыпты жағдай. Ол - мықты файтер. Екеуміздің деңгейіміз бір. Одан айырмашылығым, мен өзімді таныту үшін көп еңбектендім. UFC басқа қарсылас ұсынды. Мен қабылдадым. Оның үстіне, Дамир екеуіміздің арамыздағы төбелес жанкүйерлерге қатты қызық болады деп ойламаймын - деді Тухугов.