Гимарайнш қаласындағы раллиде үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Совесткий спорт» AFP-ке сілтеме жасап.

Аталмыш трагедия бүгін Rally Sport Guimaraes додасында орын алды. Дереккөздің мәлімдеуінше, жүргізуші трассаның бір бөлігінде рөлге ие бола алмай, көрермендер тобына соқтығысты. Қайтыс болғандардың арасында екі бала мен 48 жастағы әйел бар. Тағы бес адам ауыр жарақат алды.