Жұптық сайыстың теннисшілері арасында рейтингінің көшбасшылары ағайынды Брайандар мәнсабындағы жүзінші титулына қол жеткізді.

АҚШ Ашық чемпионатының шешуші матчында Боб және Майк Брайандар испаниялық дуэт Марсель Гранольерс пен Марк Лопеспен кездесті. Бір сағат, 20 минутқа созылған матчта америкалықтар 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бұл мәнсабында жұптық сайыстың барлық ірі турнирінде топ жарған Брайандар үшін жүзінші титул болды.