Футболшылар Александр Кокорин мен Павел Мамаевтың мерзімінен бұрын шартты босату туралы берген өтініші қанағаттандырылды.

Екі спортшы да 10 күннен соң, яғни 17 қыркүйек күні бостандыққа шығады. Олардың мерзімі 9 қарашаға дейін болатын.

Айта кетейік, Александр Кокорин мен Павел Мамаев өткен жылы екі төбелеске қатысқаны үшін түрмеге түскен болатын.