Кипрдің Kerkida басылымы Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның Еуро-2020 іріктеу аясында өтетін Қазақстан-Кипр матчының алдындағы сұқбатын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Біз Кипрге бірінші рет келіп тұрған жоқпыз. Командада бәрі дұрыс. Ертеңгі матч кімнің мықты екенін көрсетіп береді. Толықтай дайынбыз. Қонақта ойнайтынымызды жақсы түсінеміз. Кипр жеңіс үшін барын салады. Қарсыластарымыз қатарынан бір ойыншыны бөліп-жарып, осыдан сақтану керек деп айта алмас едім. Футбол - командалық ойын - деді Исламхан.

Айта кетейік, Кипр мен Қазақстан арасындағы матч 6 қыркүйек күні елорда уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.