Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Астанаға» қарсы екі кездесу өткізетін ағылшындық «Манчестер Юнайтед» өзінің ресми сайтында осы турнирге қатысатын футболшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қақпашылар: Дэвид Де Хеа (Испания), Ли Грант, Серхио Ромеро (Аргентина);

Қорғаушылар: Матей Коварж (Чехия), Виктор Линделеф (Швеция), Эрик Бэй (Кот-д'Ивуар), Фил Джонс (Англия), Гарри Магуайр (Англия), Люк Шоу (Англия), Арон Бир-Биссак (Англия), Аксел Туанзебе (Англия), Маркос Рожо (Аргентина), Диог Далот (Португалия);

Жартылай қорғаушылар: Пол Погба (Франция), Хуан Мата (Испания), Дэниэл Джеймс (Уэльс), Джесси Лингар (Англия), Эшли Янг (Англия), Фред (Бразилия), Андреас Перейра (Бразилия), Скотт Мактомайн (Шотландия), Неманья Матич (Сербия);

Шабуылшылар: Энтони Мартиал (Франция), Маркус Рашфорд (Англия).

«Астана» мен «Манчестер Юнайтед» алғашқы кездесуін 19 қыркүйек күні «Олд Траффордта» өткізеді. Нұр-Сұлтандағы матч 28 қарашаға жоспарланып отыр.