ПСЖ мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар Колумбияға қарсы ойында алаңға негізгі құраммен шығатын болды, деп жазады Prosports.kz.

Дереккөздердің мәліметтеріне сүйенсек, 27 жастағы бразилиялық 7 қыркүйек күні өтетін матчтың алғашқы минутынан ойнайтын болады.

Еске сала кетелік, Неймар осы маусымда жарақатының кесірінен алаңға бірде-бір рет шыққан жоқ.