Сочиде 2008 жылы туған жасөспірімдер командалары арасындағы Hopes CUP халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін «Астана» Краснодар мен «Зенит» (Волгоград) академиясының екінші құрамаларын жеңген еді. Өкінішке орай, Сергей Калюбин мен Павел Халезовтың шәкірттері «Краснодар» және «Кожаный мяч» (Ставрополь) командаларының бірінші құрамынан, сондай-ақ, турнирдің жеңімпазы «Црвена Звездадан» (Сербия) жеңіліп қалды.

Ойынның соңғы күні елордалықтар Ахматпен (Грозный) кездесті. Егер олар жеңіске жетсе, үздік үштікке енуге мүмкіндік алатын еді. Бірақ 2:1 есебімен жеңіп жатып, «Астана» екінші голды жіберіп алды. Грозныйлықтар күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық ұжым болса «Кожаный мяч» командасымен 4-5 орындарды бөлісті.

Турнирдегі үздік ойыншы атағын Даниал Назаров жеңіп алды.