«Испания Вуэльтасының» 8-ші эфирі кезінде марихуана өсірілген үйдің төбесі камераға түсіп қалған.

Полиция аталған мекен-жайға барып, 40 өсімдік тапқан. Кейін оның марихуана екенін растады. Есірткі сатқаны үшін иелері 3 жылдан 6 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.

Еске салайық, Sunweb командасының намысын қорғайтын Никиас Арндт 8-ші кезеңде үздік атанған еді.