Бокс статистикасы жайлы жазатын Boxrec.com порталының Канада филиалының редакторы Филипп Сен-Мартен келешегінен көп үміт күттіретін жас боксшылардың тізімін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маман Twitter-дегі парақшасында 25 жасқа толмаған, болашағы зор жас боксшыларды атады.

Аталған тізімде бірінші орта салмақта WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы, қазақстандық Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) де бар.

– Дэвин Хэйни;

– Теофимо Лопес;

– Шакур Стивенсон;

– Верджил Ортис-младший;

– Эфе Аджагба;

– Джарон Эннис;

– Даниэль Дюбуа;

– Исраил Мадримов;

– Садриддин Ахмедов;

– Артем Оганесян.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін 25 қазанда Канаданың Квебек қаласында өткізеді. Қазақстандық нокаутшының қарсыласы жақында анықталады.