Ташкент қаласында 8-13 қыркүйек аралығында еркін күрестен және әйелдер арасында грек-рим күресінен өтетін Әлем чемпионатына баратын балуандар анықталды.

Грек-рим күресі бойынша: Ербол Кондратов (59 келі), Айбек Еңсеханов (66 келі ), Демеу Жадыраев (71 келі), Рашид Кочиев (75 келі), Даниял Гаджиев (80 келі), Андрей Самохин (86 келі), Жанарбек Кабдолов (98 келі), Нұрмахан Тыналиев (130 келі).

Еркін күрестен: Шоқан Шыңғысов (57 келі), Артас Сана (61 келі), Саятбек Оқасов (65 келі), Ақжүрек Таңатаров (70 келі), Жігер Закиров (74 келі), Аслан Кахидзе (86 келі), Ермухамет Інкар (97 келі), Ержан Дүйсенбеков (125 келі).

Әйелдер құрама командасы: Зульфия Яхъярова (48 келі), Жұлдыз Эшимова (53 келі), Мерует Дынбаева (55 келі), Айжан Исмағулова (58 келі), Джулия Сатымбекова (60 келі), Ольга Калинина (63 келі), Эльмира Сыздыкова (69 келі), Гүлмарал Еркебаева (75 келі).

Айта кетейік, Ташкент қаласындағы Әлем чемпионатына 90 елден 800-дей палуан қатысады.