UFC тұжырымының жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовке Порьеге қарсы экспериент жасаудың қажеті жоқ. Бұл туралы оның бапкері, әрі әкесі айтты, деп жазады Prosports.kz Allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Абдулманап Нурмагомедовтың айтуынша Порье өте тыңғылықты дайындалған. Оның бабында екені көрініп тұр.

«Аңдысудың қажеті жоқ. Бір ғана шешім бар. Шешуші қимыл керек. Не партер, не жойқын соққы. Жекпе-жек біткенше өзіңді сынаудың қажеті шамалы. Ол бізге керек емес», дейді Хабибтің әкесі.