Ерлер волейболынан Ресей жастар құрамасы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды СПОРТ-ЭКСПРЕСС.

Сергей Шляпников баптайтын Жастар құрамасы финалдық бәсекеде Польша жастарын үш партия қорытындысы бойынша ұтып, Еуропа чемпионы атанды. 

Ал Франция құрамасы үшінші орын үшін болған кездесуде Словенияны 3:0 (25:22, 25:21, 25:19) есебімен тізе бүктіріп, қола жүлде иемденді.Ерлер. Еуропа чемпионаты U-20.

ФиналРесей — Польша — 3:0 (25:16, 25:16, 28:26).