Алматылық «Қайрат» ресейлік «Рубин» клубына қарсы өткен жолдастық кездесуде жеңіске жетті.

Сырт алаңда ойнағанына қарамастан алматылықтар қарсыластарынан кем түспеді. Тіпті есепті алғаш болып ашты. Ойының 56-шы минутында Заурбек Плиев тамаша соққысымен көзге түсті. Оның тепкен добы бағанаға тиіп барып, қақпа торында тулап жатты. Бес минут өтер-өтпестен кейін «Рубин» футболышлары таразы басын теңестірді. Георгиевтің пасын Тарас Бурлак сәтті пайдаланып кетті. Алайда алаң иелерінің қуанышы ұзаққа созылмады. 69-ші минутта Михаил Бакаевтың жасаған жойқын соққысын «Рубин» қақпашысы қайтара алмады. 

Жолдастық кездесу

«Рубин» – «Қайрат» – 1:2 (0:0, 1:2)

Голдар: 56’ Заурбек Плиев (0:1), 62’ Тарас Бурлак (1:1), 69’ Михаил Бакаев (1:2)

«Рубин»: Фильцов, Камболов, Бурлак, Гетигежев, Сафеев, Георгиев, Карлос Эдуардо, Ливайя, Дядюн, Девич, Портнягин.

Қосалқы құрам: Малолетков, Давлатов, Кибардин, Зайцев, Куклев.

«Қайрат»: Хомич, Плиев, Кислицын, Маркович, Бакаев, Қуат, Барбоса, Советов, Байтана, Ортега, Ли.

Қосалқы құрам: Ткачук, Рудосельский, Таипов, Оразаев, Гоу, Балтабаев, Райымбек.

6 қыркүйек 2014 жыл. Қазан қаласы. Орталық стадион