Испан чемпионатының 3-ші турында «Атлетико» «Эйбарға» қарсы матчта камюэк жасады.

Диего Симеоне баптайын «матрасниктер» матчтың алғашқы жиырма минутында-ақ екі гол жіберіп алған. Алайда, «Атлетико» футболшылар бірінші таймда бір гол, ойынның екінші бөлігінде екі доп соғып жеңісті жұлып алды.

«Атлетико» бұл маусымда біріншілікте ұпай жоғалтпаған жалғыз команда. 9 ұпаймен мадридтік ұжым Испания чемпионатында бірінші орында тұр.

«Эйбардың» еншісінде бір ұпай ғана бар.

Испан премьерасы. 3-тур

«Атлетико» - «Эйбар» - 3:2(1:2)

Голдар: Шарлес, 7 (0:1), Арбилья, 19 (0:2), Фелиш, 27 (1:2), Витоло, 52 (2:2), Томас, 90 (3:2)