Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US Open турнирі аясында ресейлік Анна Калинскаямен жұптасып, өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Турнирдің 1/32 финалында Путинцева/Калинская жұбы үш сетте-3:6, 6:4, 6:3 есебімен Даяна Ястремская мен Моника Пуигті жеңді. Кездесу 2 сағат 10 минутқа созылды.

Келесі айналымда Юлия мен Анна Алисия Росольска/Шуай Пэн жұбына қарсы сынға түседі.

Еске салайық, Путинцева жекелей сында хорватиялық теннисші Донна Векичтен — 4:6, 1:6 есебімен ұтылып қалды.