Дзюдодан Жапонияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жекелей сындары аяқталды. 1-қыркүйекте аралас командалық белдесулер басталады, деп жазады Prosports.kz.

Қазақ дзюдошылары Куба елінің спортшыларымен күреседі. Жеңіске жеткен команда Франция – Аустрия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске сала кетейік, әлем чемпионатының жекелей сынында Қазақстан құрамасының қоржынына Елдос Сметов қола жүлде салған болатын. Қалған спортшыларымыз жүлдеге таласа алмады.