Атақты бразилиялық жартылайқорғаушы Роналдиньо мексикалық «Керетаро» клубына ауысты, деп мәлімдейді клубтың ресми сайты.

34-жастағы футболшы мексикалық клубпен екі жылдық келісімшартқа отырды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жазғы маусымда Роналдиньо бразилиялық «Атлетико Минейродан» кеткен болатын.