«Астананың» жартылай қорғаушысы Рунар Мар Сигурьонссон Исландия құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сигурьонссон құрамасымен бірге Еуро-2020 іріктеу ойындарына қатысады.

Исландия құрамасы 7 қыркүйекте Молдовамен, 10 қыркүйекте Албания құрамасымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа-2020 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Кипр және Ресей құрамаларына қарсы сырт алаңда матч өткізеді.