Аралас жекпе-жек спортшысы Арман Әшімов (10-3-1) кәсіби карьерасындағы он бесінші жекпе-жегін өткізді.

Қазақстандық спортшы Ресейдің Орынбор қаласындағы M-1 Challenge 104 турниріне қатысты. Ол бразилиялық Флавио Да Силва Сантоспен (9-3) жекпе-жек өткізді. Қарсыласының мықты болғанына қарамастан, Әшімов төрешілер шешімімен жеңіске жетті