Англияның «Сток Сити» клубының қақпашысы Асмир Бегович соққан голы футбол тарихындағы ең ұзақ қашықтықтан соғылған гол ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

2013 жылдың қараша айында ойынның 13-секундында «Саутгемптон» қақпасына Асмир Бегович 91,9 метр қашықтықтан гол соққан еді.