Велоспорт
29.08.2019 18:32
Қазақстандық велошабандоз Gazprom-RusVelo командасына ауысты
Astana City командасының түлегі Антон Кузьмин ресейлік Gazprom-RusVelo командасымен келісімшарт жасасты, деп жазады Prosports.kz.
22 жастағы қазақстандық велошабандоз жаңа командасында үш шетелдік ойыншының бірі ретінде өнер көрсетеді. Келісімшарт екі жылға жасалды.
Айта кетейік, Кузьмин «Алматы туры-2019» жарысында Қазақстан құрамасының капитаны міндетін атқарады.
Комментарии