Бүгін Қазақстан және Қырғыз Республикасының футболшылары жолдастық кездесу өткізеді. Ойын «Астана Арена» стадионында жергілікті уақытпен сағат 19:00-де басталады.

Бұл ойын Қазақстан Ұлттық құрамасының 2016 жылғы Еуропа чемпионатының Латвиямен болатын іріктеу ойынына дайындық аясында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, ойынды «KAZsport» телеарнасы сағат 19:00-де тікелей эфирде көрсетеді.