Франция жастар құрамасының аға бапкері Пьер Манковски Қазақстан - Франция матчынан кейінгі баспасөз-мәслихатында тілшілер сұрағына жауап берді.

- Бірінші минуттан бастап-ақ ойынға белсенді араласып, тізгінді бірден қолымызға алдық. Бүгінгі мақсатымыз - бір ұпай иемдену болатын. Бірақ, бір емес, үш ұпайды да қоржынға салдық. Жалпы айтқанда командамның қалай ойнағанына көңілім толады. 

- Қазақстан құрамасының ойынды бірден қарқынды бастағандары таңғалдырды ма?

- Әлбетте, Қазақстан құрамасының бастапқы қарқындары бізді таңғалдырды. Дегенмен, одан кейін ойын тізгінін өз қолымызға алып, алаң иелеріне мүмкіндік берген жоқпыз. Жалпы, Қазақстан құрамасында дарынды жастар аз емес. Бүгін олардың әрқайсысы да керемет өнер көрсетті. Тіпті, қақпамызға бір гол соға алды. Алайда, Франция ойыншыларының тәжірибелері зор. Біздің футболшылар өз клубтарында негізгі құрамда ойнайды.  

kff.kz